
Фото: Видеодан алынған кадр
Бейнежазбада бір оқушының бірнеше қатарласын жұдырық және алақанмен беті мен денесінен ұрып жатқан сәті көрініс тапқан.
Басқарманың мәліметінше, бұл жағдай 2024 жылдың қыркүйегінде орын алған. Жәбір көрсеткен оқушы 2025 жылдың наурыз айында басқа мектепке ауыстырылған.
«Бейнежазбаның ескі болғанына қарамастан, бұл оқиға бойынша арнайы комиссия құрылып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижесінде оқиғаға қатысы бар тұлғалар мен тәрбиелік жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмаған мектеп қызметкерлерінің жауапкершілігі қаралады», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларына психологиялық және педагогикалық қолдау көрсетіліп, ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілгені хабарланды.
Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл жағдай бойынша кәмелетке толмағандарға дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген.
«Балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін құқық бұзушы жасөспірімнің және бейнежазба түсірген оқушының заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.