Медицина • Кеше

Бүгіннен бастап жедел жәрдем шақырудың ережесі өзгерді

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап жедел жәрдем шақырудың ережесі өзгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгіннен бастап жедел жәрдем шақырудың ережесі өзгерді

Енді төртінші санаттағы шақыруларға, яғни жоғары қан қысымы, дене қызуы немесе жеңіл жарақаттар сияқты өмірге қауіп төндірмейтін жағдайлар күндізгі уақытта емхана жанындағы мобильді бригадаларға бағытталады.

Олар таңғы сағат 8:00-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Мобилді бригаданың келу уақыты - 1 сағат.

Ал шұғыл көмекке жедел жәрдем 10 минутта жетеді. Бірінші, екінші және үшінші санаттар үшін норматив 15 пен 30 минут аралығы. Ал түнгі уақытта және демалыс күндері барлық шақыртуға жедел жәрдем бригадалары барады.

Айта кету керек, жедел жәрдемді шақыру механизмі өзгеріссіз қалады. Тұрғындар 103 нөмірі арқылы кез келген уақытта жәдел жәрдемге жүгіне алады.