
Фото: gmk.center
Украина президенті Владимир Зеленский бұл келісімді ел болашағы үшін маңызды оқиға деп атады.
«Бұл жай ғана кездесу емес, Украина үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын тарихи келісім. Екі тараптың тең құқығын және әділет принципін ескере отырып жасалды. Бұл келісім елімізге ірі инвестициялар тартуға, өндірісті жаңғыртуға және заң жүйемізді жетілдіруге мүмкіндік береді», деді Зеленский.
Келісім аясында АҚШ Украинадағы 20-ға жуық стратегиялық шикізат түріне қол жеткізуді көздеп отыр. Олардың қатарында мұнай, газ, титан, уран, литий, графит және марганец бар.
Айта кетейік, аталған ресурстардың авиациялық өндіріс, ядролық отын, электромобиль батареясы, медициналық жабдықтар және қару-жарақ өндірісі үшін аса маңызды екені атап өтілген.
Жаңа инвестициялық қор Украина экономикасын қалпына келтіруге серпін беріп, елдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталған.