 
                                        Сондай-ақ 2025 жылдың қаңтар-наурыз айында Алматыдағы бөлшек сауда көлемі 1,4 трлн теңге болды. Қаладағы бөлшек тауар айналымының республикалық көлемдегі үлесі – 31,6%. Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.
Басқарма мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында азық-түлік тауарларының сату көлемі 303,6 млрд теңгеге (үлесі – 21%), ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 1,1 трлн теңгеге (үлесі – 79%) жеткен.
2025 жылы наурызда бөлшек сауда тауар айналымының көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда салыстырмалы бағамен 23%-ға артқан (571,2 млрд теңге). Сондай-ақ, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша да 15,3%-ға өсім байқалды, деп атап өтті қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                