«Таза Қазақстан» • Кеше

Көкшетау көркейіп келеді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Көкшетаудағы «Бәйтерек» саябағында «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында кең ауқымды экологиялық акция өтті.

Көкшетау көркейіп келеді

Алдағы уақытта жалпы көлемі 64 мың гектар жерді құрайтын жаңа тәлімбақтар салу жоспарлануда. Бүгінгі күннің маңызды жаңалығы – жастар ресурстық орталығының жаңа ғимаратының ашылуы болды. Бұл орталық аймақ жастарының әлеуметтік және экологиялық бастамаларын жүзеге асыру алаңына айналмақ. Ашылған сәттен бастап орталық экскурсиялар мен таныстырылымдарға есігін ашып, жаңа жобалардың іске қосылу орнына айналды.

Іс-шараның құрметті қонағы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрайымы Ләззат Шыңғысбаева өз сөзінде өңірде жалпы көлемі 10 миллиард теңгеден астам қаражат болатын бірнеше жоба жүзеге асырғанын жеткізді. 2025 жылы ауыл жастарын қолдауға бағытталған жаңа бастамалар іске қосылмақ. Қордың қызметі аясында 104 жоба жүзеге асырылуда, оның 80 пайызы жастарға арналады.

Ақмола облысында экологиялық қозғалыс жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Бұл жастардың белсенді қатысуының, заманауи технологияларды пайдаланудың, сондай-ақ мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың қолдауының нәтижесі.

Көкшетау.

Соңғы жаңалықтар

Көкшетау көркейіп келеді

«Таза Қазақстан» • Кеше

Өндірістегі өзгеше отау

Мереке • 01 Мамыр, 2025