
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету, орта бизнестің ІЖӨ-ге үлесін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады. Мемлекеттің экономикаға қатысуын тек әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық секторлармен шектеу жоспарланып отыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров бәсекелестіктің дамуын тежейтін кедергілерді жою бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар туралы айтты.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттің қатысуымен жекешелендіруге, біріктіруге немесе таратылуға жататын 475 кәсіпкерлік субъект тізімі бекітілді. Жұмыс 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен іске асырылады. Бұл ретте кәсіпорындардың жартысынан көбі 2025–2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына енгізілген.
Премьер-министр Жарлықтың белгіленген мерзімде жүзеге асырылуы керегін баса айтты.