
Фото: energyprom.kz
«Қайта жаңғырту және жаңа жобалар есебінен 2030 жылға дейін жалпы тыңайтқыштар көлемі 4 млн тоннаға дейін ұлғайтылады», деді министр
Оның айтуынша, карбамид, калий хлориді және дикальцийфосфат сияқты жаңа тыңайтқыштар түрлерін өндіру де жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Ерсайын Нағаспаев химия саласын дамытудың басым бағыттарының бірі – көмір химиясын жүйелі пысықтаудың басталғаны туралы хабарлады.
«Еліміздің ауқымды көмір қорларын ескере отырып, бұл бағытта даму – шикізаттық модельден бас тарту және қосылған құнды айтарлықтай арттырудың негізгі жолы. Осы мәселе бойынша өндірісі жоғары дамыған қытайлық инвесторлармен, атап айтқанда CHN Energy және East China Engineering and Technology сияқты ірі компаниялармен жұмыстар жүргізіліп жатыр», деді министр.
Сонымен қатар, министр көмір-химиясын дамытудың Жол картасы әзірленіп, оның шеңберінде отандық ірі көмір өндіруші кәсіпорындар мен ғылыми институттар көмірді терең өңдеудің озық технологияларын енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.