Өшпес даңқ • 29 Сәуір, 2025

Ардагерлерге берілетін төлем мөлшері артады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне төлем көбейтіледі,  деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің мәліметіне сілтеме жасап.

Ардагерлерге берілетін төлем мөлшері артады

Фото: ашық дереккөз

Бұл шешім Алматы қалалық мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс XXIX сессиясында депутаттардың бірауыздан қолдауымен қабылданды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, биыл Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек берілмек. Ал тыл еңбеккерлеріне берілетін төлем көлемі де екі есеге өсіп, 100 мың теңгені құрап отыр. Бұған дейін бұл санаттағы азаматтарға 50 мың теңгеден төленетін.

«Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне көрсетілетін бұл қолдау – ұрпақтың ерлікке тағзым етіп, тарихи жадыны жаңғыртудағы жауапкершілігінің бір көрінісі. Барлық төлемдер ешқандай өтінішсіз, автоматты түрде есепшоттарға аударылады»,  делінген қала әкімдігінің ресми хабарламасында.

Қазіргі таңда оңтүстік астанада 21 ҰОС ардагері мен 6 149 тыл еңбеккері тұрып жатыр. Қала басшылығы бұл санаттағы азаматтарға медициналық, әлеуметтік және тұрмыстық қолдау көрсету бағытында да кешенді шаралар жүргізіп келеді.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15