
Фото: Ашық дереккөз
Қала әкімдігінің хабарлауынша, жөндеу жұмыстары 5-14 мамыр аралығында жүргізіледі. Осы кезеңде жол учаскесі ішінара жабылып, қозғалыс тек жолдың бір жағы бойынша екі бағытта ұйымдастырылады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, уақытша қозғалыс сызбасын ескерулері сұралады. Қолайсыздықты азайту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жол бойында уақытша белгілер мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады», делінген хабарламада.