Экономика • 05 Мамыр, 2025

Тұрғын үй кезегіне тұру тәртібі өзгереді

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 24 мамырдан бастап тұрғын үй кезегіне тұру тәртібі өзгереді. Енді кейінгі 5 жылда тұрғын үйі болмаған 18 жастан асқан кез келген азамат, тіпті әлеуметтік осал санатқа жатпаса да үй кезегіне тұра алады, деп жазады Egemen.kz.

Тұрғын үй кезегіне тұру тәртібі өзгереді

Фото: Ашық дереккөзден

Барлық кезекте тұрған азаматтар мен жаңа өтініштер «Отбасы банк» басқаратын «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электронды жүйесіне көшіріліп, бірыңғай база жасақталады.

«Отбасы банк» мәліметінше, қазір 657 422 адам үй кезегінде тұр. Бұған дейін 7 санатқа кіретін топтар үй кезегіне тұруға мүмкіндік алған болса, 24 мамырдан бұл шектеулер алынып тасталады. 

Жаңа жүйе азаматтың атына тіркелген тұрғын үйдің бар-жоғын автоматты түрде тексереді. Сондай-ақ отбасылық жағдайы мен мәртебесін сараптайды. Бастысы бұл әркеттер адами фактордың араласуынсыз жүзеге асырылады.

Бірыңғай база тұрғын үйді бөлуді жүйелі және әділ етеді.

Десе де тұрғын үйдің басым 70% мына санаттарға беріледі:

  • ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілгендер;
  • жетім балалар;
  • көпбалалы отбасылар;
  • мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар;
  • I және II топтағы мүгедектер;
  • әйелі қайтыс болған еркектер және жесірлер.

Қалған 30% тұрғын үй мына санаттарға үлестіріледі:

  • мемлекеттік қызметшілер;
  • бюджеттік сала қызметкерлері;
  • әскери қызметшілер;
  • қандастар;
  • ауыр дертке шалдыққан азаматтар.

Басты критерий ретінде азаматтың кезекке тұрған күні мен жылы ескеріледі.

Кезек тек онлайн жүргізіледі – kezekte.kz  арқылы жүргізіледі.

Тіркеуіңіз өтініш беретін қалада кемінде 3 жыл болуы керек. Апатты үйде тұрсаңыз техникалық қорытындыны қоса тіркеу қажет.

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15