
Фото: Көлік министрлігі
Инвестицияның басты мақсаты — әуежай инфрақұрылымын жаңғырту және қызмет көрсету сапасын арттыру.
Алдағы жылдары жүзеге асырылатын негізгі жобалар қатарында:
- Ұшу-қону жолағын қайта жаңарту;
- Жүк тасымалдаушы компаниялар үшін жаңа перрон салу;
- Ішкі рейстер терминалын жөндеу;
- Жүк қоймаларын жаңғырту және цифрландыру;
- Жаңа қонақ үй салу;
- Әуежай жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған басқа да іс-шаралар бар.
Сонымен қатар, әуежай қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтсақ, 2025 жылы жалақы орта есеппен 25%-ға өседі, әуежай маңындағы тұрғындар мен қызметкерлерге арналған медициналық орталық ашылады. Сонымен қатар 600 жаңа жұмыс орны құрылады және ACI аккредитациясынан өткен оқу орталығы іске қосылып, қызметкерлерге жеке асхана ашу жоспарланған.
Айта кетейік, 2024 жылдың маусым айында Алматы қаласы әуежайының жаңа терминалы пайдалануға берілген болатын. Жалпы ауданы 53 500 шаршы метрді құрайтын бұл нысан жолаушылар ағынын айтарлықтай жеңілдеткен.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, жаңа инвестициялық жоспардың толық мәліметтері Алматы халықаралық әуежайының 2025 жылғы жазда өтетін баспасөз конференциясында жарияланады.