Аймақтар • 07 Мамыр, 2025

Ашық аспан астындағы музей

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда Отан қорғаушылар ерлігінің құрметіне арналған жауынгерлік техника музейі осыдан он екі жыл бұрын Жеңіс саябағының бір бұрышынан ашылған еді. Содан бері бұл алаң жергілікті тұрғындар, қала қонақтары жиі соғып, өткенге тәу ететін тарихи орынға айналды.

Ашық аспан астындағы музей

Ашық аспан ас­тындағы мұра­жайға Екінші дүние­­жүзілік соғыста пайда­ланылған отыз шақты әске­ри техниканың, атап айтқанда, «Т-34», «Т-62» танктерінің, құ­рыштан құйылған бір­неше техниканың, әйгілі «Катюша» артиллериялық қаруының, түрлі зеңбі­рек­тің макеттері қойыл­ған.

«Ата-анамыз осы сая­баққа жақын жерде тұрады. Кешкілік жатар алдында бала-шағамызбен бірге осында келіп, біраз серуен­деп қайтамыз. Мұндағы әс­­кери техникаларды жа­қын­нан көрудің өзі қор­қынышты. Бесіктегі баланы жетім, жас келіншекті жесір еткен сұрапыл соғыстың қа­сіреті әлі ұмытылған жоқ. Бейбіт заманнан артық еш­теңе жоқ. Мұндай соғыс техникалары осылай музейде тұра берсін, жер бетінде тек тыныштық салтанат құрсын», дейді осыдан екі апта бұрын Көкшетау қаласынан қонаққа келген Нарғыз Жүнісова.

1942 жылдың көктемінде дәл осы алаңнан Қостанай облысында жасақталған 151-арнайы атқыштар бригадасы майданға аттанған бо­латын. Кейін қатары сел­діреген бригада 150-ат­қыштар дивизиясының құ­ра­мына енеді. 1945 жылы Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қаһармандар қата­рында осы 151-ат­қыш­тар бригадасының жауын­гер­лері де болған. Рейхстаг тө­бесінде жеңіс туын жел­біреткен жауынгерлерді қостанайлық Илья Сьянов басқарған автоматшылар ротасы оқпен қалқалап тұр­ған еді. Жауынгерлік техника музейінің кіреберісінде осы бригаданың құрметіне қойылған биік ескерткіш тұр.

 

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15