Экология • Кеше

Елордада экологиялық сенбілік өтті

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы және «Таза білім ордасы» апталығы аясында экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. Игі шараны Жастар саясаты мәселелері басқармасы AMANAT партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының, Қазақстан халқы ассамблеясының және «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының қолдауымен өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада экологиялық сенбілік өтті

Фото:Астана қаласының әкімдігі

Экологиялық сенбілікке 50-ге жуық белсенді жас қатысқан. Олар тек қаланы таза ұстауға атсалысып қана қоймай, қарттарға қамқорлық танытып, орталық аумағында қоқысты жинап, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізген.

Шара барысында жастар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырудың маңызын іс жүзінде көрсетті.

Іс-шара барысында Жастар саясаты мәселелері басқармасының жетекші маманы Әлібек Жүсіпов қатысушыларға арнап сөз сөйледі. Ол бұл бастаманың аға буын өкілдеріне – ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетуге бағытталғанын атады.

«Бұл тек сенбілік емес, аға ұрпақтың еңбегіне тағзым ету. Көктем басталғалы бері мұндай акциялар бірнеше мәрте өтті. Біз тек тазалықпен шектелмей, жастардың тарихқа деген құрметін оятып, олардың қоғамдық кеңістікті жақсартуға деген ынтасын арттырғымыз келеді» деді ол.

Шара елордалық жастардың белсенділігін көрсетіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама ретінде өтті.