Әлем • Бүгін, 10:10

Ресейде Жеңістің 80 жылдығына орай жарияланған уақытша бітім күшіне енді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин жариялаған Жеңістің 80 жылдығына арналған уақытша бітім 8 мамыр күні Мәскеу уақытымен 00:00-де күшіне енді. Бітім 11 мамыр сағат 00:00-ге дейін, яғни 72 сағат бойы жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейде Жеңістің 80 жылдығына орай жарияланған уақытша бітім күшіне енді

Фото: Ашық дереккөз

Естеріңізге сала кетейік, бұл бастама туралы Путин сәуір айының соңында жариялаған еді. Ресей тарапының мәлімдеуінше, Ресей Қарулы Күштері бітім кезінде де шабуыл болған жағдайда тойтарыс беруге дайын болуы тиіс.

Алайда 3 сәуірде Украина Президенті Владимир Зеленский Ресейдің үш күндік бітім туралы ұсынысын қабылдамай, оның орнына бірден 30 күндік атысты тоқтатуды айтқан.

Сондай-ақ өткен түні Украина Қарулы Күштері Ресей аймақтарына дрон арқылы ауқымды шабуыл ұйымдастырған. Бұл ел ішінде бірқатар әуе рейстерінің кешігуіне және Мәскеудегі көлік кептелістеріне себеп болған.

Украина дрондарының шабуылы салдарынан 7 мамырда Мәскеуге бет алған Сербия Президенті Александр Вучичтің ұшағы Бакуге мәжбүрлі түрде қонған.