Алматы • 08 Мамыр, 2025

Медеуде бақылау-құтқару бекеті тәулік бойы жұмыс істей бастады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің тапсырмасымен Алматы қаласының Медеу ауданында бақылау-құтқару бекеті тәулік бойы жұмыс істей бастады.

Медеуде бақылау-құтқару бекеті тәулік бойы жұмыс істей бастады

Жобаны Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағымен бірлесіп жүзеге асырды. Бекет №16 өрт сөндіру бөлімінің аумағындағы Кіші Алматы шатқалы, Қимасар, Бутаковка, Просвещенец және Көкжайлау танымал тау маршруттарының жанында орналасқан.

Бекет жедел әрекет ету үшін қажетті барлық заттармен, соның ішінде арнайы техникамен, жабдықтармен және байланыс құралдарымен жарақталған. Кезекшілікті тәуліктің кез келген уақытында оқиға орнына шығуға дайын білікті құтқарушылар атқарады. Орташа ден қою уақыты 1,5–2 сағатқа қысқарды, бұл таулы жерлерде өте маңызды.

«Медеуде тәулік бойы жұмыс істейтін бекет құру — Алматы тұрғындары үшін де, туристер үшін де қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған нақты шара», - деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.

Бақылау-құтқару бекетін ашу - таулы аудандарда ден қоюға дайындықты арттыру және туристік маусымда қауіпсіз демалысты қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстың бір бөлігі.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025