Оқиға • 12 Мамыр, 2025

Көксу өзенінен арқан арқылы өтпек болған ер адам суға ағып кетті

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға 10 мамыр күні Жетісу облысының Кербұлақ ауданында болған. Көксу өзенінен арқан арқылы өтпек болған 1989 жылы туған ер адам өзеннің ортасына келгенде суға құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көксу өзенінен арқан арқылы өтпек болған ер адам суға ағып кетті

Фото: Видеодан алынған кадр

Алдын ала мәлімет бойынша, жоғалған азамат бұрын Отар гарнизонында әскери қызмет атқарған болуы мүмкін деген ақпарат тараған. Алайда бұл дерек әзірге ресми түрде расталмады. Жетісу облыстық полиция департаменті оқиға бойынша іс қозғалғанын хабарлады. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта жоғалған азаматты іздестіруге 98 адам, 22 техника бірлігі, оның ішінде арнайы жүзу құралдары, дрондар және спутниктік байланыс құрылғылары жұмылдырылған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздестіру жұмыстары өзен бойымен 35 шақырымға дейінгі аумақта жүргізіліп жатыр. 

Құқық қорғау органдары мен ТЖД жоғалған азаматтың отбасына қолдау көрсетіп, іздестіру нәтижесі бойынша қосымша ақпарат беретіндерін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025