
Фото: gov.kz
Оның ішінде 7 141 мыңы (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,9%) жалдамалы қызметкер болса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 2 142,5 мың адам. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,4% құрап отыр.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жалдамалы қызметкерлер есебінен жұмыспен қамтылғандар 116,2 мың адамға өскен.
Жұмыспен қамтылғандардың 17% саудада, білім беру ісінде - 13,4%, өнеркәсіп - 12,5% және ауыл шаруашылығы - 10,3% салаларында байқалған.
Жұмыспен қамтылған халықтың негізгі үлесі 35-44 жас аралығында болған. Бұл жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының - 28%. Жұмыспен қамтылғандардың 40% - 29-34 және 45-54 жас санаттарындағылар.
Жалдамалы қызметкерлердің ең көбі- Алматы қаласында. Олардың саны - 985,8 мың. Ал өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер Түркістан және Алматы облыстарында тіркелген, тиісінше 378,2 мың және 233,7 мың адамнан.