
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Айта кетелік, аталған бәйге 2017 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылып, содан бері сыйлыққа 2200-ден астам өтінім қабылданып, 354 жоба номинант атанса, 98 жеңімпаз «Тұмар» мүсіншесіне ие болған екен.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше биылғы бәйгеге 2024 жылғы 13 мамыр мен 2025 жылғы 14 мамыр аралығында отандық телеарналардың эфирінде көрсетілген жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және өңірлік телеарналар, телестудиялар мен кәсіби телевизиялық контент өндіруші компаниялар ұсынуға құқылы.
Өтінімдер мынадай номинациялар бойынша қабылданады:
- Ең үздік әлеуметтік тележоба
- Жылдың ең үздік репортажы
- Ең үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама
- Ең үздік журналистік зерттеу
- Жылдың ең үздік телехикаясы
- Ең үздік деректі фильм
- Ең үздік балалар тележобасы
- Ең үздік өңірлік телеарна
- Ең үздік тележурналист
- Ең үздік тележүргізуші
- Ең үздік спорттық комментатор
Толық ақпарат tvtumar.kz ресми сайтында, өтінімдер 2025 жылғы 9 маусымға дейін қабылданады.