Заң • Бүгін, 13:18

900 млн теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында құны 900 миллион теңгеге жуық мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл – қалалық прокуратура жүргізген заңдылықты қалпына келтіру шараларының нақты нәтижесі, деп жазады Egemen.kz.

900 млн теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды

Айта кетейік, бұған дейін қала әкімдігі тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуге арналған полигонды жеке кәсіпкерге 15 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берген болатын. Келісімшарт талаптарына сай, кәсіпкер уәкілетті органдарға тұрақты есеп беруге, тапқан пайдасының жартысын сыйақы ретінде және таза кірісінің бір бөлігін мемлекет пайдасына аударып отыруға тиіс еді.

Алайда, сенімгерлік басқарушы бұл шарттардың ешбірін орындамаған. Ең өкініштісі, әкімдік тарапынан келісімнің орындалуына бақылау жасалмаған. Нәтижесінде, мемлекет мүддесіне елеулі нұқсан келді.

Аталған заңбұзушылықтарға қалалық прокуратура назар аударып, тексеріс жүргізгеннен кейін, жалпы құны 900 миллион теңге болатын активтер – 700 миллион теңгеге бағаланған қалдықтарды қайта өңдеу кешені мен 210 миллион теңге тұратын, жалпы көлемі 326 гектарды құрайтын 16 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.