Құрылыс • Бүгін, 16:10

Степногорскте жаңа мектеп салынады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Степногорск қаласында 1000 орындық жалпы білім беретін мектеп пен көпфункционалды спорт кешені бой көтереді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Степногорскте жаңа мектеп салынады

Бұл әлеуметтік маңызы зор екі нысанды салу жөніндегі меморандум Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың бастамасымен қала әкімдігі және «АК Алтыналмас» акционерлік қоғамы арасында жасалды. Компанияның басқарма төрағасы Баламир Маханов барлық жұмыстарды сапалы әрі уақтылы атқаруға дайын екенін жеткізді.

Екі нысанның жалпы құны – 22 миллиард теңге. Компания өкілдерінің айтуынша, 2027 жылғы 1 қыркүйекте Степногорск қаласының оқушылары жаңа мектеп табалдырығын аттайтын болады. Мектеп заманауи оқу кабинеттерімен, IT-орталықпен, спорт залымен, мультимедиялық аймақтармен  жабдықталады. Спорт сарайының жобасы толық дайын. Жер телімі де бөлінген. Құрылыс жұмыстары алдағы күндері басталып, келесі жылы аяқталады деп межеленуде.

 Ақмола облысы