Қоғам • Бүгін, 12:32

1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

40 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұған дейін 2019, 2021 және 2023 жылдары өткен іріктеулерге қатысуға жалпы 60 мыңнан астам қазақстандықтар қызығушылық танытты. Іріктеулер қорытындысы бойынша резервке 400 адам қабылданған. Бүгінде олардың 318-і жауапты қызметтерге тағайындалып, экономиканың түрлі салаларында еліміздің дамуына өз үлестерін қосып жүр, деп жазады Egemen.kz.

1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

Фото: jas.kz

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері мен кезеңдерін түсіндірді.

Дархан Жазықбайдың айтуынша, биылғы іріктеудің басты ерекшелігі – әр бағыт бойынша кандидаттардың біркелкі санын қамтамасыз ету мақсатында әрбір кезеңде пропорционалды іріктеу өтеді. Резервтің әр салалық бағыты бойынша квоталар қарастырылып, іріктеу сол салалық бағыт бойынша ғана жүргізіледі. Бұл әдіс салалар арасындағы теңгерімді, нақты бағыттар бойынша үміткерлерді іріктеуді қамтамасыз етеді.

«Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған орта, сыртқы саясат және инвестициялар; экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам сынды 6 негізгі сала бойынша жүргізіледі. Кандидат тіркелу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы қажет. Үміткерлерге қойылатын талаптар: іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады», деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.

лл

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс.

Құжаттарды қабылдау 1-30 маусым аралығында pkrezerv.gov.kz ресми платформасында онлайн режимде жүзеге асырылады. Іріктеудің объективтілігін қамтамасыз ету үшін кандидаттардың деректері жеке нөмір беру арқылы жасырылады. Бағалаушылар үшін үміткердің кім екендігі беймәлім болады.

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау – тестілеу прокторинг жүйесімен, аудио және бейнефиксациямен өтеді. Бұл ретте де әділдік пен ашықтық қамтамасыз етіледі. Талаптарға сәйкес келетін барлық кандидат мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтеді. Бұл ретте сандық тестілеуге әр салалық бағыт бойынша ең көп балл жинаған кандидаттардың 50%-ы жіберіледі.

Ситуациялық тапсырмаларды шешу кезеңі кандидаттардың таңдаған салалық бағыттарына байланысты нақты проблемаларды шешу бойынша ұсыныстарын бағалауға бағытталған. Бұл кезең онлайн-режимде эссе жазу форматында өтеді.

Ассессмент-орталығы мен құзыреттер бойынша сұхбат – офлайн форматта, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында өтетін бұл кезеңде үміткерлер мінез-құлық индикаторлары және кәсіби құзыреттер бойынша топтық және жеке тапсырмаларды орындайды. Онлайн форматтағы жеке сұхбат кәсіби HR-менеджерлермен өткізіледі.

Сарапшылық комиссиямен әңгімелесу арнайы комиссиямен сұхбаттасу түрінде жүзеге асырылады. Оның қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия отырысына 100-ден аспайтын кандидат тізімі ұсынылады.

Ұлттық комиссия отырысының қорытындысымен үздік 50 кандидат Президенттік жастар кадр резервіне қабылданады.

Іріктеудің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында кандидаттарды бағалау нәтижелері олардың жеке кабинетінде және кезең қорытындысы бойынша ақпарат ресми сайтта жарияланады.

 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25