
Алдағы уақытта Ақтөбе облысының Байғанин, Ырғыз, Шалқар аудандарында тұратын 600 мүгедектігі бар бала осы орталықта тегін емделіп, оңалту-сауықтыру шараларынан өтеді.
Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен ғимарат беріліп, балалардың жүріп-тұруына кедергі келтірмейтін жайлылық пен ыңғайлылық жағдайында, бірыңғай дизайн үлгісінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ «Қазақстан халқына» қоры 181,2 млн теңгеге оңалтуға арналған құрал-жабдықтар сыйлады.
Емделуге келгендер үшін Ottobock вертикализаторлары, Rifton жүйелері, велотренажерлер, Tyrostation жаттықтырғыштары, «Атлант» пневмокостюмдері және бірнеше жаттығу кешендері сатып алынды. Бұдан өзге сенсорлық бөлме, тұз шахтасы, шунгит бөлмесі, сумен емдеуге лайықталған иммерсионды ванна да бар. Мүгедектігі бар балаларды емеду-сауықтырумен айналысатын жүйке жүйесі ауруларын емдейтін дәрігерлер, оңалтушы, логопед-дефектолог, психолог және емдік денешынықтыру нұсқаушысы, эрготерапевт арнайы біліктілік курстарынан өтті.
Ақтөбе облысы.