Спорт • Кеше

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

70 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

27 мамырда Оңтүстік Кореяның Куми қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының шымылдығы түріледі. Сары құрлықтың мықтылары жиналатын жарыста Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді.

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

Бес күнге созылатын байрақты бәсекеде Қазақ елі намысын мына спортшылар қорғайды: Екатерина Авдеенко (жетісайыс), Виктория Ан (200 және 400 метр, 4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета), Юлия Башманова (100 метр кедергілер арқылы жүгіру), Айана Болатбекқызы (1500 метр), Нора Джеруто (3000 метр кедергілер арқылы жүгіру), Дэйзи Джепкемей (5000 және 10000 метр), Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру), Мария Ефремова (үш қарғып секіру), Александра Залюбовская (400 метр, 4х400 метрлік эастафета, 4х400 метрлік аралас эстафета), Аделина Земс (400 метр кедергілер арқылы жүгіру, 4х400), Кристина Кондрашова (4х400 мет рлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета), Елизавета Матвеева (биіктікке секіру), Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру), Ольга Сафронова (100 және 200 метр, 4х400 метрлік эастфета, 4х400 метрлік аралас эстафета), Ясмина Тоқсанбаева (20 шақырымдық спорттық жүріс), Антонина Чернышова (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Алина Чистякова (жетісайыс), Анна Шумило (4х400 метрлік эстафета), Артур Гафнер (найза лақтыру), Давид Ефремов (110 метр кедергілер арқылы жүгіру), Виталий Земс (100 және 200 метр), Вячеслав Земс (400 метр кедергілер арқылы жүгіру, 4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета), Иван Иванов (ядро лақтыру), Дмитрий Коблов (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 4х400 мет рлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета), Михаил Литвин (4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета), Эльнор Мухитдинов (400 метр, 4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета), Зелімхан Насыров (ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру), Андрей Соколов (4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас), Ефим Тарасов (4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета), Алмат Төлебаев (100 және 200 метр), Максим Фроловский (1500 және 5000 метр) және Георгий Шейко (20 шақырымдық спорттық жүріс).

Естеріңізге сала кетейік, осының алдындағы Азия чемпионаты 2023 жылы Таиландта өтті. Тай елінде отандастарымыз 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медальді иеленіп, жалпы командалық есепте 11 орынды қанағат тұтқан еді.