Қоғам • 19 Мамыр, 2025

Елімізде қала сыртындағы жолдарда апат 8 пайызға азайған

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі жол апаттарында зардап шеккендердің  саны төмендегенін мәлімдеп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде қала сыртындағы жолдарда апат 8 пайызға азайған

Фото: polisia.kz

Бұл көрсеткішке автожолдарда бұзушылықтарды тіркеудің 500-ге жуық кешенінің жұмыс істеуі мен жолдардың қауіпті учаскелерінде жүріс бөлігін уақытша тарылту тәсілі әсер еткен. Бұзушылықтарды тіркейтін құрылғының 100-і жасырын режимде жұмыс істеп тұр.

«Аталған әдіс бірқатар шет елде өзінің тиімділігін көрсетіп, бүгінде Қазақстанда сәтті қолданылуда. Жолды тарылту тәсілі Астана – Қарағанды, Астана – Павлодар, Алматы – Бішкек, Самара – Шымкент, Ақтөбе – Астрахан сияқты және басқа бағыттарды қоса алғанда республикалық трассалардың 26 учаскесінде жүзеге асырылып жатыр», делінген министрлік хабарламасында. 

Қозғалыс қарқынды учаскелерде орташа жылдамдықты бақылау енгізілген. Қазіргі уақытта 1900 шақырым қамтылса, жақын арада тағы мың шақырым қосылады.

ІІМ жол жүрісі қағидаларын қасақана бұзушылармен белсенді күрес жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ол үшін «Қорғау» арнайы ақпараттық жүйесі қолданылады. Сонымен қатар қала ішінде және трассаларда тәулік бойы жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін автоматты камералар желісі белсенді дамып келеді. 

 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03