Спорт • 19 Мамыр, 2025

«Қайрат» биылғы маусымда алғаш рет ұтылды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының тоғызыншы туры аяқталды. Бұл матчтарда төмендегідей нәтижелер тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайрат» биылғы маусымда алғаш рет ұтылды

«Оқжетпес» – «Ақтөбе» 1:3, «Атырау» – «Жетісу» 1:1, «Елімай» – «Қайрат» 1:0, «Ұлытау» – «Астана» 0:2, «Жеңіс» – «Қызылжар» 0:0 және «Қайсар» – «Тұран» 1:0. Ал «Тобыл» мен «Ордабасы» арасындағы кездесу ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілді. Осы орайда, Алматының «Қайраты» биылғы маусымда алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татқанын айта кетсек еш айыбы жоқ деп ойлаймыз.

Жарыс кестесіне келер болсақ, қоржынында 25 ұпайы бар «Ақтөбе» жеке-дара көш бастап тұр. Екінші орындағы «Қайраттың» олардан екі ұпайы кем. Үшінші сатыға «Астана» жайғасты. Елордалық клуб 21 ұпайды еншілеуде. Көш соңындағы «Ұлытау» небары екі ұпайды қанағат тұтуда. Сондай-ақ, «Атырау» мен «Жетісудің» де жағдайлары мүшкіл. Олар еншісінде небары 4 және 5 ұпайдан бар.    

 

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025