Қоғам • Кеше

Түркістан облысында он жеті Отбасын қолдау орталығы бар

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында жалпы 507 мыңнан астам отбасы бар. Оның 127 мыңнан астамы немесе 25,1%-ы Д және Е санатында тіркелген. Олардың саны жыл басынан бері 19 мыңнан астам отбасына, яғни 13,4%-ға төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында он жеті Отбасын қолдау орталығы бар

Облыстың барлық аудан, қалаларында Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде ашылған, отбасы саясатын жүзеге асыру, неке мен отбасын сақтау, тұрмыстық, гендерлік зорлық-зомбылықтардың алдын алу, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу негізгі міндеті болып саналатын 17 «Отбасын қолдау орталығы» жұмыс істеп тұр. Дегенмен аталған орталықтарды жеке ғимаратпен қамту, материалдық-техникалық базасын жасақтау, интернетке қолжетімділігін арттыра отырып, штаттық құрылымдарын ең төменгі штаттық нормативтерге сәйкестендіру, өмірлік қиын жағдайдағы отбасылармен тікелей байланыста болатын мамандардың біліктілігін жетілдіру жұмыстарын жандандыру қажет.

Ақпараттық жүйе арқылы азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін айқындауға болады. Өңірдегі мобильдік топ арқылы мұндай отбасыларға қатысты деректерді өзектендіру бойынша методикалық көмек көрсетілді. Сондай-ақ биыл қиын жағдайға тап болған тұрғындардың ахуалы мен әлеуметтік мәселесін ерте анықтау үшін FSM Social мобильді қосымшасы іске қосылды. Қазіргі таңда орталықтарды тіркеу жұмыстары жалғасуда.