Спорт • 21 Мамыр, 2025

Теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның Турин қаласында өткен «Челенджер» турнирде бас жүлдені олжалағаннан кейін Қазақстанның ең үздік теннисшісі Александр Бублик АТР рейтингінде бірден 25 сатыға жоғарлап, қазіргі кезде ол 51 орынды иеленуде.

Теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды

Еліміздің екінші ракеткасы Александр Шевченко 97 орынды еншілеуде. Ерлер арасында әиталиялық Янник Синнер көш бастап тұр. Екінші және үшінші орындарды испаниялық Карлос Алькарас пен германиялық Александр Зверев өзара бөлісуде. Сондай-ақ, ТОП-10 ойыншының қатарына Тейлор Фриц (АҚШ), Джек Дрейпер (Ұлыбритания), Новак Джокович (Сербия), Лоренцо Музетти (Италия), Каспер Рууд (Норвегия), Алекс де Минуар (Аустралия) және Хольгер Руне (Дания) еніп отыр.

WTA рейтингінде беларусьтік Арина Соболенко алдына жан салмар емес. Оны АҚШ-тың қос өкілі Кори Гауфф пен Джессика Пегула өкшелеп келеді. Сонымен қатар, үздік ондықтың қатарында Жасмин Паолини (Италия), Ига Свентек (Италия), Мирра Андреева (Ресей), Чжэн Циньвэнь (Қытай), Мэдисон Киз (АҚШ), Эмма Наварро (АҚШ) және Паула Бадоса (Испания) бар. Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина 12 орынды қанағат тұтса, Юлия Путинцева 31 сатыға жайғасты.

Сондай-ақ, Жапониядағы жеңісінен кейін Зарина Диастың да жағдайы біршама жақсарғанын айта кетуге тиіспіз. Күн шығыс елінде бас жүлдені олжалаған жерлесіміз бірден 43 сатыға жоғарлап, бұл күндері 275 орынға табан тіреп тұр.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025