
Aqparat saqshysy атты Telegram-арнада жарияланған мәліметке сәйкес, алаяқтар әскери комиссариаттың атын жамылып, азаматтарға жаппай SMS-хабарламалар, мессенджердегі хабарламалар және электронды хаттар таратып жатыр.
Хабарламалар мазмұны көбінесе үркіту сипатына ие:
-
«Сіз әскери комиссариатқа шақырту бойынша келуге міндеттісіз!»
-
«Сіз әскери қызметтен жалтарып жүрсіз!»
-
«Деректеріңізді растау және айыппұлдан құтылу үшін мына сілтеме арқылы өтіңіз»
Нақты мәні неде? Бұл сілтемелер арқылы азаматтар фишингтік сайттарға өтеді. Онда:
-
Паспорттық деректерді енгізуге итермелейді — кейін бұл деректер darknet-те сатылады.
-
Немесе құрылғыға вирус жүктеліп, банк карталары мен құпиясөздер ұрланады.
-
Кейде алаяқтар тікелей қоңырау шалып, «қылмыстық жауапкершілік» жайлы қорқытып, ақша аударуды талап етеді.
«Әскери комиссариат ешқашан WhatsApp, Telegram немесе электрондық пошта арқылы шақырту жібермейді», деп атап өтті алаяқтықты әшкерелеуші арна авторлары.
Мұндай жағдайда не істеу керек?
-
Белгісіз сілтемелерге өтпеңіз;
-
Жеке деректеріңізді енгізбеңіз;
-
Мұндай хабарламалар келген жағдайда, ресми әскери бөлімшеге тікелей хабарласыңыз;
-
Телефонмен ақша талап етсе — бұл алаяқтық, бірден құқық қорғау органдарына хабар беріңіз.