Оқиға • Бүгін, 12:08

Қостанай облысында көші-қон заңын бұзған шетелдіктер елден шығарылды  

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында көші-қон қызметінің мамандары республикалық науқан шеңберінде өткізген рейдтік іс-шаралар барысында заң бұзған шетелдіктерді ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Қостанай облысында көші-қон заңын бұзған шетелдіктер елден шығарылды   

Фото: Polisia.kz

Сәуір айында сот шешімімен елден шығарылуға тиіс болған көрші елдің азаматы  сот шешімін елемей, жасырынып жүрген. Оның бұрын да бірнеше мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болған. Көші-қон қызметінің мамандары құқық бұзушыны мемлекеттік шекараға дейін шығарып салды. Ол депортацияланды және заңнамаға сәйкес 5 жыл мерзімге елге қайта кіруге тыйым салынды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша көші-қон қызметінің үш күндік жедел іс-шарасы барысында тағы 2 шетелдік азамат елден шығарылған. Сонымен қатар, көші-қон заңнамасын бұзудың 30-дан астам дерегі тіркелген. Оның ішінде тіркеу мерзімінің өтіп кетуі, уақытша болу ережелерін сақтамау және тиісті құжаттардың болмауы сияқты заңбұзушылықтар бар.