Елорда • Бүгін, 12:30

Елордада жаппай велошеру өтеді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 мамыр күні елордада «Астана – есірткісіз қала» ұранымен жаппай велошеру ұйымдастырылады. Велошеруге қатысушылар 25 шақырымды еңсеруі тиіс, деп жазады Egemen.kz.

Елордада жаппай велошеру өтеді

Фото: gov.kz

Шара Қосшы бағыты бойындағы айналма веложолдан басталып, Ильинка (Үркер) тұрғын алабындағы «Жасыл белдеу» саябағында мәресіне жетеді. 

Велошеруге 25 мамырда сағат 07:30-дан 09:00-ге дейін тіркелуге болады. Негізгі бөлім 09:00-де басталады. Қатысу тегін. Бастысы, әрбір қатысушы өз велосипедімен келуі тиіс.

«Бұл – баршаға арналған мерекелік велошеру. Жас ерекшелігіне ешқандай шектеу жоқ. Қатысушылар тек тіркеу кезінде медициналық анықтама ұсынуы қажет. Бұл – басты талаптардың бірі. Елорда тұрғындары мен қонақтарын белсенді қатысуға шақырамыз. Велошеру – салауатты өмір салтын насихаттайтын, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын ерекше оқиға болмақ», деді Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Айтқалиева. 

Ұйымдастырушылар велошеру соңында тіркелген қатысушылар арасында лотерея ұйымдастырып, бағалы сыйлықтар ойнатылатынын хабарлады.