
Фото: gov.kz
Еуропалық курорттар жазда қонақтардың көп болатынын алға тартады. Мысалы, Итальядағы Паганелла курортына 2018-2019 жылдар аралығында жазда келушілер қысқы ағыннан асып түскен.
Ал тау велосипедтері мен трейл саябақтарын туристер шаңғы трассаларына қарағанда жиі пайдаланатындықтан кіріс артқан.
Alpine Hospitality Forum сарапшылары 2019 жылдан бастап Альпі тауларына шығуға жаз мезгілінде сұраныс «тұрақты өсу үрдісін» көрсетіп отырғанын атап өтті. Бұл институционалдық инвесторларды теңіз жағалауындағы ыстыққа қарағанда ыңғайлы балама бола алатын таулы аймақтардағы қонақүйлер портфелін екі есеге толтыруға итермелеген. Осының арқасында кластер қарға тәуелді еместігі, ақша біркелкі бөлінеді және бизнеске «өлі маусым» деген ұғым кедергі келтіре алмайтыны анықталып отыр.
Алматы тау кластері осы модель негізінде дамиды. АТК-ға Алматы қаласынан 30 минутта жетуге болатындықтан қонақтар мен қала тұрғындары жиі қатынайды. Осының есебінен қызмет көрсету орындары да артып келеді.
Бүгінде Алматы тау кластерінің аумағында еліміздің екі жетекші туристік орталығы – «Шымбұлақ» және «Ой-Қарағай» курорттары орналасқан. Екеуі де жыл бойы тартымды әрі тұрақты нысан ретінде өз тиімділігін дәлелдеді. Олардың арасындағы қатынастың дамуы (аспалы жол, веложолдар, жаяу жүргіншілер жолдары, электробус желісі) бір туристің орташа болу ұзақтығы мен тұтынуын арттыра отырып, бірыңғай интеграцияланған туристік кеңістік құруға мүмкіндік береді.