Қаржы • Кеше

27 нысанды іске қосуға қомақты қаражат бөлінді

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік нысандар салу және реконструкциялау жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облысында 27 жобаны іске қосуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,7 млрд теңге бөлінді.

27 нысанды іске қосуға қомақты қаражат бөлінді

Сурет: baq.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр. Негізгі міндеттер – халықты сапалы ауызсумен 100% қамтамасыз ету, ауылдағы денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту. Арнаулы мемлекеттік қордан барлығы 27 жобаны жүзеге асыруға 17,7 млрд теңге бөлінген.

Жүзеге асырылып жатқан жобалардың ішінде 11 сумен қамту жобасы бар, олардың іске қосылуы ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтуды кеңейтіп, халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ 16 жоба ауылдық жер­лерде алғашқы меди­ци­налық-санитарлық көмекті дамы­туға бағытталған. Олар­дың қат­арын­да Сырым, Ақжайық, Бөрлі, Жаңа­қала және Бәйтерек аудандарында фельд­шерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пункттер құры­лысы бар. Жаңа денсаулық сақтау ны­сан­дарының ашылуы ауыл тұрғын­дарын білікті медициналық көмек­пен қамтамасыз етіп, аудандық ауруха­налардағы жүктемені азайтады.

Бүгінде Батыс Қазақстан облысында 15 жоба толық аяқталған. Жыл соңына дейін тағы 10 нысан пайдалануға беріледі, ал қалған екеуін 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр.