Спорт • Бүгін, 15:37

Жоламан Биғабыл - Азия чемпионы!

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каратэші Жоламан Биғабыл Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоламан Биғабыл - Азия чемпионы!

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Отандасымыз кумите бағдарламасында 55 кг дейінгі салмақтың финалында өзбекстандық Собитхон Қосимовты айқын жеңді.

Бұл - Қазақстан құрамасының қоржынына түскен Ташкенттегі алғашқы алтын. Алда әлі жекелей сында 3 спортшымыз, сосын, Қазақстан әйелдер командасы құрлықтың алтын медаліне таласады.

Бұған дейін Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг), Әсел Қанай (-61 кг), Данияр Юлдашев (-84 кг) пен кумитеден Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлде олжалаған еді.

Биыл Азия чемпионатында 29 мемлекеттің таудаулы 421 спортшысы жүлдеге таласып жатыр.

Өзбекстан осыған дейін де каратэден сары құрлық чемпионатын үш рет өткізді.

Біздің Ұлттық құраманың каратешілері бұған дейін

  • 2022 жылы 2 алтын, 4 күміс, 2 қола (жалпы есепте 3-орын)
  • 2019 жылы 1 алтын, 2 күміс (5-орын),
  • 2012 жылы 1 алтын 3 күміс 2 қола (4-орын) олжалаған болатын.