
Фото: Ашық дереккөз
Көпшіліктің назарына іліккен бұл жағдай жазғы маусымның ашылуына орай өткен «алғашқы 100 адамға – тегін кіру» акциясымен байланысты болған. Акцияға сұраныс жоғары болғандықтан, адамдар ерте жиналып, кіруге асыққан.
Алайда Aport Mall West әкімшілігі бұл жағдайды төтенше оқиға деп танудан бас тартып, ресми түсініктеме берген.
«Жаңа жазғы аквапарктің ашылуына арналған «Алғашқы 100 адам – тегін» акциясы үлкен сұранысқа ие болды. Соның нәтижесінде тегін кірген қонақтар саны жүзден асты. Алайда ешқандай төтенше жағдай тіркелген жоқ», деді сауда орталығының өкілі.
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілердегі видеолар қолданушылар арасында қызу талқыланып жатыр. Дегенмен, ресми тарап жағдайдың бақылауда екенін және ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді.