
Фото: Ашық дереккөз
Тергеу мәліметінше, қайғылы оқиға орын алған күні күйеуі әйелін бірнеше рет соққыға жыққан. Ашуға булыққан әйел шкафтан бензин мен мотор майының қоспасын алып, күйеуіне шашып, өрт қойған.
Ер адам ауыр күйікпен ауруханаға жеткізілген. Әйел бірден өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем шақырғанымен, өзі қамауға алынған.
Қазір бұл оқиға ауыр қылмыс ретінде тіркеліп, құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастаған.