Аймақтар • 27 Мамыр, 2025

Түркістанда биыл 3000-нан аса пәтер пайдалануға беріледі

802 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласы бойынша 17 058 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Оның 6 487-сі – әлсіз топ мүшелері болса, 5 185-і – көпбалалы отбасы, 181-і – тұл жетім санатындағылар. Сондай-ақ, 5 203 отбасы бюджет есебінен баспаналы болуға кезекте тұрса, 2 үй апатты жағдайда деп танылуына байланысты жаңа үй алу кезегіне тіркелген.

Түркістанда биыл 3000-нан аса пәтер пайдалануға беріледі

Жаңа заңға сәйкес, 2025 жылдың 24 мамырынан бастап санатына қарамастан, соңғы 5 жылда атында тұрғын үйі жоқ азаматтар үй кезегіне тұру мүмкіндігіне ие бола алады. Сондай-ақ, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін үйлерді жекешелендiру туралы қағидаларына да бірқатар өзгерістер енгізілген. Жаңа өзгерістерге сәйкес, бірнеше санаттағы азаматтар мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын баспаналарды өз меншігіне өтеусіз алуға мүмкіндік алып отыр. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Талғат Төлегеновтің мәлімдеуінше, облыс орталығында биыл 944 пәтерлі 11 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жыл басынан бері жоспарға сәйкес, 4 үйдің құрылысы аяқталып, 348 пәтер өз иесін тапты.

Сонымен қатар, Түркістанда «Отбасы банк» арқылы кредиттік жүйемен 2025 жылы жалпы 2082 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Аталған тұрғын үйлерге өтініштер үй кезекте Түркістан облысы бойынша тұрған банк салымшыларынан қабылданады. Қазіргі таңда аталған банк арқылы 1 016 пәтердің шаршы метрі 180 мың теңгеден болса, 1 066 пәтердің шаршы метрі 220 мың теңгеге бағаланып отыр.

 

Түркістан облысы