Қоғам • 28 Мамыр, 2025

Жасөспірімдер жұмыс істегенде нені ескеруі керек?

50 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

– Еңбек кодексіне сәйкес, кәмелетке тол­маған азаматтарды еңбекке тартуға рұқсат, дегенмен олардың құқығын қорғауға ерекше мән береді.

Жасөспірімдер жұмыс істегенде нені ескеруі керек?

Алмаз Отаров, заңгер

Заңда жасөспірімдердің еңбек етуіне нақты жас мөлшері, жұмыс уақыты, еңбек шарты мен жұмыс түріне қатысты бірқатар талап пен шектеу белгіленген. Бұл кездейсоқ емес. Жасөспірім – толық қалыптаспаған тұлға, оның ағзасы мен психикасы әлі даму үстінде. Сондықтан кез келген физикалық, моральдық және әлеуметтік қысым оның болашағына әсер етуі мүмкін. Заң осыны ескереді.

14 жастан бастап жұмыс істеуге болады, бірақ оқудан бос уақытта әрі денсаулығына зиян келтірмейтін, жеңіл еңбек түрі болуы шарт. Бұл жерде заң ата-ананың да жауапкершілігін ұмыт қалдырмайды. Ата-ана немесе заңды өкіл еңбек шартына бірге қол қоюы тиіс. Яғни баланың жұмыс істеуіне рұқсат беріп отырған тек мемлекет емес, сонымен қатар тікелей отбасылық келісім болуы керек. 16 жасқа толған жасөспірім еңбек шартына өзі қол қоя алады. Бірақ заң оның еңбек құқықтарын толық қорғайды. Жұмыс беруші жасөспірімге оның құқығы мен міндеттерін түсіндіріп, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге міндетті. Әсіресе алғашқы жұмыс орны болса, талаптар мүлтіксіз орындалуға тиіс.

Менің тәжірибемде болған бір мысалды айтып өтейін. 15 жастағы оқушы жазда нау­байханада көмекші ретінде жұмыс істеген. Алайда ол ауыр қамыр илеу, үлкен табақтарды көтеру сияқты физикалық ауыр жұмысқа тартылған. Бұл жағдай оның қолындағы буын жарақатымен және сабақ басталғанда мектепке кешігіп баруымен аяқталды. Мұнда жұмыс беруші еңбек заңын ғана емес, бала құқығын да бұзған. Осындай мысалдардан заңды білу мен сақтаудың маңыздылығы айқын көрінеді.

Тағы бір маңызды мәселе – еңбек уақыты. Заң 14-16 жас аралығындағы балалар үшін аптасына 24 сағат, 16-18 жастағы жасөс­пі­рім­дерге 36 сағаттан аспауға тиіс екенін нақты көрсетеді. Бұл уақыт нормалары халықаралық стандарттарға да сай. Сондай-ақ түнгі жұмыс, вахталық әдіс, үстеме жұмыс, зиянды немесе моральдық тұрғыдан күмәнді ортадағы еңбекке араласуға да тыйым салынған.

Тағы бір ерекше назар аударатын мәселе – жазбаша еңбек шартының міндеттілігі. Заңгер ретінде бұл тармақты өте маңызды деп есептеймін. Ауызша келісімдер көбіне жұмыс берушінің жауапкершілігінен жалтаруы­на әкеледі. Еңбек шарты болмаса бала еңбекақысын ала алмай қалуы, жара­қаттанса өтемақы талап ете алмауы мүмкін. Сондықтан ата-ана мен жасөспірім өз құқықтарын заңды түрде бекітіп алу керек.

 

Дайындаған –

Елігімай ТӨҢКЕР,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар

Сұрақ қойған тотықұс

Қоғам • 30 Тамыз, 2025

Айна алдындағы фламинго

Табиғат • 30 Тамыз, 2025

Тұрғындар денсаулығын тексерді

Денсаулық • 30 Тамыз, 2025

Мерекелік марапат

Қоғам • 30 Тамыз, 2025

Ерен еңбек ескерусіз қалмайды

Жұмысшы мамандықтар жылы • 30 Тамыз, 2025

Маңдай тердің өтеуі

Еңбек • 30 Тамыз, 2025

Жаңа оқу жылындағы өзгерістер

Инфографика • 30 Тамыз, 2025

Үміт ақталады

Білім • 30 Тамыз, 2025

Тағдыршешті реформа

Ата заң • 30 Тамыз, 2025

Аралда ашылған мектептер

Мектеп • 30 Тамыз, 2025

«Абай» журналының ахуалы қалай?

Жәдігер • 30 Тамыз, 2025

Алғыс арқалаған кенші

Еңбек • 30 Тамыз, 2025

Мағжан мен Хайретдин

Зерде • 30 Тамыз, 2025

Тиянақты дайындық

Аймақтар • 30 Тамыз, 2025

Ғарыштан оқылған дәріс

Ғалам ғажаптары • 30 Тамыз, 2025

Қазақ сыныбын таңдағандар озады

Аймақтар • 30 Тамыз, 2025

Әлеуметтік жобаның әлеуеті

Қоғам • 30 Тамыз, 2025