
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Аталған министрліктің мәліметінше, жоба – еліміздің су тасқынына төзімділігін арттыруға және бөгет қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.
Былтыр Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) сарапшылары тасқын кезінде ең көп зардап шеккен Қазақстанның 4 өңіріндегі 13 су шаруашылығы нысанына зерттеу жүргізгені мәлім. Сондай-ақ JICA қолдауымен «Қазсушар» кәсіпорнының бірнеше маманы Жапонияда біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимовтың айтуынша сала министрлігі құрылғаннан бастап Жапониямен ынтымақтастық едәуір нығайды.
«Біз ынтымақтастығымызды жалғастыруға ниеттіміз. Жапонияның су тасқынына қарсы күресте тәжірибесі мол және су ресурстарын басқару саласында бірегей технологиялары бар. Бұл еліміз үшін өте пайдалы болуы мүмкін», деді вице-министр.