Мереке • 01 Маусым, 2025

Балаларды жақсыға баулу - қоғам міндеті

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан балаларына» атты Балаларды қорғау күніне арналған шаралар Қызылжарда Е.Серкебаев атындағы өнерде дарынды балаларға арналған мектептің «Ерке сылқым» күйін орындауымен басталды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Балаларды жақсыға баулу - қоғам міндеті

«Жас дарын» өнер мектебінің оқушылары да өз өнерлерін көрсетіп бақты. «Менің қауіпсіздігім өз қолымда» атты танымдық-таныстырмалық қауіпсіздік ойындарының да қызықтары балаларды мәз қылды. «Батыл өрт сөндіргіштер», «Эвакуация», «Костер» сияқты ойындар да балалардың қызығушылығын арттыра түсті. Балаларды жақсы істерге баулуды мақсат еткен бұл ойындар жас өрендердің жүрегіне жақсы істің жарқылын тудырды.

Одан әрі жиналған балалар мен олардың ата-аналары таэквондо, кекушинкай каратэ федерацияларының ұйымдастыруымен осы спорт түрлерінің көріністерін тамашалады. Осы күні аспан әлемі де ашық болып, балалардың еркін тыныстап, мерекені қуанышпен атауына мол мүмкіндік берді.

ПЕТРОПАВЛ