Оқиға • 02 Маусым, 2025

Қарағандыда екі жасар баланы пойыз қағып кеткен

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында екі жасар бала жүк пойызының астына түсіп, ауыр жарақат алған. Қазір бүлдіршін ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда екі жасар баланы пойыз қағып кеткен

Фото: Ашық дереккөз

Оқиға «Қарағанды — Ақадыр» теміржол учаскесіндегі «Қарағанөзек — Қарабас» өткелінде болған.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының хабарлауынша, пойыз машинисі рельске шыққан баланы байқап, дереу шұғыл тежегішті қолданған. Соған қарамастан, бала жарақат алған.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен бала ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

«Бала ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды», делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35