
Сайысқа қатысқандарды іріктей келе, он алты жедел жәрдем бекетінің фельдшер, жүргізуші, диспетчер, санавиация қызметкері балаларына салалық кәсіподақ ұйымы спорттық велосипедтерді сыйға тартты, деп хабарлайды egemen.kz.
Ақтөбе облыстық жедел жәрдем бекетінің ауласында 200-ге жуық жедел жәрдем қызметкерлері балалары арнайы театрландырылған қойылым мен аниматорлық ойындарды тамашалады. Мекеме ауласында балаларға арнайы шатыр тігіліп, дастархан жайылып, тәттілер мен балмұздақ, түрлі ойыншықтар таратылды.
Медицина мекемесі еңбеккерлерінің балаларын облыстық жедел жәрдем бекетінің басшысы Нұрлан Медеубаев құттықтады.
Ақтөбе облысы.