
Фото: Ашық дереккөз
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі – келесі салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып айқындалды:
-азаматтардың денсаулығын сақтау;
-медициналық және фармацевтикалық ғылым, білім беру және өнеркәсіп;
-дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналымы және олардың айналымына бақылау жасау;
-медициналық қызметтердің (көмектің) сапасын бақылау;
-халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуына бақылау мен қадағалау;
-тамақ өнімдерінің сатылу кезеңіндегі қауіпсіздігі;
-биологиялық қауіпсіздік.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі жаңа функциялармен толықтырылды:
-денсаулық сақтау саласындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
-есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың аналогтары;
-денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі туралы қоғам мен мемлекетті объективті ақпаратпен қамтамасыз ету, статистикалық және өзге де ақпаратты ашық қолжетімді ету;
-психоактивті заттарды тұтынуына байланысты мәжбүрлеп емдеуден өткен тұлғаларға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымнан шығарылғаннан кейін (сот шешімімен мерзімінен бұрын емделіп шыққан деп танылғандарды қоспағанда) қолдау емін өту тәртібін айқындау;
-әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бюджеттен трансферттер бөлу.
Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ,
ЕҰУ 2-курс студенті