Құқық • 04 Маусым, 2025

Жаңаша бақылау әдісі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облыстық қыл­мыс­тық-атқару жүйе­сі департаментінің аумақ­тық қызметтері шартты түрде сотталғандардың жүріс-тұрысы мен тәр­тібін электронды бақы­лау құралы арқылы қашық­тан қадағалайды. Өңірде жазасын шартты түрде өтеп жатқан 130 адам қолына осындай электронды білезік тағып жүр.

Жаңаша бақылау әдісі

Департамент өкілдерінің ай­туынша, электронды білезік­тердің көмегімен жыл басынан бері 108 сотталған азаматтың тәртіп бұзғаны анықталған. Нәтижесінде, шартты түрде сот­талған 29 азамат құзырлы орындардың сенімінен айырылып, жазаның қалған мерзімін темір тордың ар жағында өтейтін болды.

Білезікті пайдаланудың заңмен бекітілген ереже-тәртібі бар. Тәртіп қызметкері сотталған азаматқа міндетті түрде электронды құрылғыға мұқият болуды ескертеді. Оны қалай пайдалану керегін түсіндіріп, қолына осы туралы жадынама ұстатады. Сотталған азаматтың білезікті қасақана бүлдіргені анықталған жағдайда, аталған департамент заңда белгіленген тәртіппен шығынды өндіріп алу жөнінде іс қозғап, оны сотқа жібереді.

«Мұндай бақылау әдісін қолдану пробация қызметі мамандары мен сотталған­дар арасындағы жүзбе-жүз қа­рым-қатынасты едәуір азайтады. Осылайша, жемқорлыққа жол ашуы ықтимал тәуекелді төмен­детеді. Сондай-ақ қайта­ра қыл­мыс жасаудың алдын ала­ды. Мәселен, кейінгі төрт ай­­дың ішінде электронды ба­қы­лау жүйесі арқылы қашық­тан қадағаланатын азаматтар ара­сында бірде-бір қыл­мыс тір­­келген жоқ», дейді облыс­­тық қылмыстық-атқару жүйесі депар­таменті баспасөз қызметінің хатшысы Динара Молдабаева.

 

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03