
Фото: Ашық дереккөз
Министрліктің мәліметінше, 1 шілдеден бастап келесі өңірлерде жаңартылған кезек негізінде ваучерлерді бөлу басталады. Атап айтсақ, Тараз, Түркістан, Шымкент, Орал, Астана, Семей, Өскемен, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Қонаев, Қосшы, Талдықорған қалаларында және Байзақ, Сарыағаш, Жетісай, Сайрам, Қазығұрт, Мақтаарал аудандарында ваучерлік қаржыландыру жүйесі қолданылады.
Ваучер алу тәртібі:
- Жолданған ваучер 2 жұмыс күні ішінде расталуы тиіс. Егер расталмаса, өтініш белсенді емес деп есептеледі. Ата-ана оны 28 күнтізбелік күн ішінде бір рет қайта қалпына келтіре алады.
- Таңдалған балабақшамен келісімшартты 5 жұмыс күні ішінде рәсімдеу қажет.
- Егер ваучерден бас тартылса — кезек жойылады.
- Бос орын болмаса — «күту парағына» тіркелу мүмкіндігі бар.
Ал қалған өңірлер үшін жас ерекшеліктеріне сай топтарды жасақтау 1 тамыздан басталады. Бос орындар туралы хабарлама алдымен кезекте тұрғандарға жіберіледі. Жолдаманы растауға 2 күн, келісімшарт жасауға 5 жұмыс күні беріледі. Қажет болса, жолдаманың мерзімін 30 күнтізбелік күнге дейін бір рет ұзартуға болады.
«Егер құжаттардың толық пакеті ұсынылмаса, мерзімі өтіп кеткен болса немесе екпе алмаған балалар саны рұқсат етілген мөлшерден асып кетсе, балабақша құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқылы. Құжаттарды алдын ала тексеріп, жеке кабинеттегі хабарламаларды қадағалап отыру қажет екені ескертіледі», делінген хабарламада.