Заң • 04 Маусым, 2025

Кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұйымдасқан топ Алматыда шағын және орта бизнес нысандарын толық бақылауға алу мақсатында ойын-сауық орындарының басшылары мен қызметкерлеріне физикалық және моральдық қысым көрсеткен, деп жазады Egemen.kz.

Кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Фото: видеодан алынған скрин

Күдіктілер кейіннен кәсіпкерлік нысандарын күшпен басып алып, сол жерлерде «қауіпсіздік» қызметін жүзеге асырған. Қылмыстық топтың 20 мүшесі Алматы қаласында, Жетісу, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл және Алматы облыстарында қолға түскен. 


Іске қатысты 40-тан астам тінту жүргізіліп, жеті атыс қаруы Макаров тапаншасы, Калашников автоматы және 100-ден астам оқ-дәрі тәркіленген. 
ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс бұзақылық, бопсалау, адам ұрлау, өз бетінше билік жүргізу және денсаулыққа зиян келтіру фактілері бойынша қылмыстық істер тергеліп жатқанын мәлімдеді.

«Топтың жетекшісі мен қатысушыларына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Фигуранттардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», деді Қуандық Алпыс.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03