Қоғам • 04 Маусым, 2025

Алматыда сәбилерді сату схемасы анықталды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында бірнеше жыл бойы әлеуметтік желілер арқылы жаңа туған сәбилерді заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда сәбилерді сату схемасы анықталды

Фото: ашық дереккөз

Тергеу барысында белгілі болғандай, қылмыстық топтың мүшелері әлеуметтік желі арқылы бала асырап алғысы келетін адамдар мен әлеуметтік осал топтардан шыққан әйелдерді байланыстырып отырған. Олардың арасында шетелдік азаматшалар да болған.

Алматыда сәбилерді сату схемасы анықталды

Оперативтік іс-шара кезінде полицейлер жаңа туған ұл баланы ірі ақша сомасына сату әрекетін тіркеп, күдіктілерді қылмыс үстінде ұстады. Қазіргі таңда аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Сәби мемлекет қамқорлығына алынып, арнайы мекемеге орналастырылды.

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов:

-Бұл бір реттік оқиға емес. Біз орныққан, жүйелі схема болған деп санаймыз. Мүмкін, бұл қылмыс басқа өңірлермен де байланысты. Жаңа туған сәбилерге қатысты мұндай заңсыз әрекеттер – адамгершілікке жат ауыр қылмыс. Мұндай істердің ешқайсысы жазасыз қалмайды,- деді.

Арайлым МЫРЗАХАН, ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03