Экономика • 04 Маусым, 2025

Асыл тұқымды мал шаруашылығына жеңілдетілген несие беріледі

90 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен мал шаруашылығын кешенді дамытуға арналған кеңес өтті. Жиында жеңілдікпен қаржыландыру, импортты алмастыру және ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері қаралды, деп жазады Egemen.kz.

Асыл тұқымды мал шаруашылығына жеңілдетілген несие беріледі

Фото: egemen.kz

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, етті мал шаруашылығында асыл тұқымды түрлендіруді қолдау мақсатында жылдық мөлшерлемесі 5% болатын жаңа жеңілдетілген несиелік өнімі әзірленген. Бұл фермерлерге өнімділікті, ет сапасын және төл алу көрсеткішін арттыру үшін аса маңызды асыл тұқымды аналық мал сатып алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ осыған ұқсас шарттармен ет комбинаттары мен бордақылау алаңдарына айналым қаражатын толықтыру үшін несиелік өнім ұсынылып отыр. Несие алу үшін ірі қара малдың кемінде 70%-ын отандық ет комбинаттарына өткізіп, өңдеуші кәсіпорындардың терең өңдеу желісі болуы керек.

Әкімдіктер, «Атамекен» ҰКП және ветеринариялық қызметпен бірлесіп, жүргізілген комиссиялық тексеру нәтижесінде 128 бордақылау алаңының ішінен 28-і (жалпы сыйымдылығы 148 мың бастан аса), ал, 36 ет комбинатының ішінен 24-і талаптарға сай деп танылған.

рр

«Осылайша, шаруашылықтан бастап, бордақылау алаңдарына, одан әрі ет комбинаттары мен экспорттық нарықтарға дейінгі өндірістік тізбек қалыптасуда. Әрбір кезеңде айналым қаражатының қолжетімді болуы жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге мүмкіндік береді», деді Аманғали Бердалин.

2025 жылға аустралиялық тәжірибені етті мал шаруашылығына енгізудің басым 10  жобасы айқындалған. Жобалардың жалпы құны – 27,4 млрд теңге. Алдын ала есептеу бойынша, бұл жобалар 50 мың тоннаға дейін ет экспорттап, 500 млрд теңге көлемінде табыс әкеледі.

Сүтті мал шаруашылығы: импортты алмастыруға басымдық

Сүт бағытын дамыту да басым бағыттардың бірі болып отыр. 2023 жылы 69 тауарлы сүт фермасын салуға 100 млрд теңге бөлінген. Олардың өндірістік қуаты - 423,7 мың тонна сүт. Қазіргі таңда 39 ферма пайдалануға берілген, ал қалған 30-ы жыл соңына дейін аяқталады.

Ветеринария: індеттердің төмендеуі және экспорттық әлеуеттің артуы

Елімізде мал ауруларының алдын алу шаралары нәтижесінде, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда эпизоотиялық жағдайлар (бруцеллез, құтыру, қарасан, күйдіргі бойынша) 68,1%-ға төмендегені анықталды. Жалпы соңғы үш жылда мал аурулары 49,1%-ға азайған.

Ветеринариялық жұмыстың тиімділігінің нәтижесінде әлем елдері отандық өнімге қатысты салынған тыйымдардың күшін жойып келеді. Мәселен:

  • Қытай – құс тұмауы мен аусыл бойынша тыйымды алып тастаған;
  • Ресей – оңтүстік-шығыс аймақ бойынша аусылға байланысты шектеуді жойған;
  • ЕО – 1,5 жылдық келіссөздерден кейін бал экспортына рұқсат берген;

Иранға тері, Грузияға тірі ірі қара мал экспорты ашылып, Қытаймен құс еті бойынша хаттамаға қол қойылған.

Мамыр айында Қазақстан Грузия, Иранмен ветеринариялық сертификаттарға қол қойған.

«2026 жылы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы тарапынан Қазақстанның солтүстік-батыс және орталық аймақтарын аусылдан таза аймақ ретінде мойындау мақсатында аудит күтілуде. Осыған байланысты барлық өңір әкімдіктері ветеринариялық нысандардың материалдық-техникалық базасын халықаралық стандарттарға сай деңгейге жеткізуі қажет», деді А. Бердалин.

Экспорт географиясын да кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Атап айтқанда, Қытаймен (ІҚМ терісі бойынша), Түркиямен (ет бойынша), Ауғанстан және Пәкістанмен (ет және сүт өнімдері бойынша) келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Серік Жұманғарин жеңілдетілген несиеге үміткер барлық жобаны белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мұқият талдауды тапсырды. Сонымен қатар шұжық өнімдері, ірімшіктер, қышқыл сүт өнімдері сияқты импортқа тәуелді тауарларға ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03