
Фото: Ашық дереккөз
Апат Таллахома қаласында, Нэшвиллден оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 124 шақырым жерде, жергілікті уақыт бойынша сағат 12:30 шамасында болған. Ұшақ Таллахома әуежайынан әуеге көтерілгеннен көп ұзамай апатқа ұшыраған.
Апаттан қаза тапқандар жоқ. Алайда, борттағы алты адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Олардың бірінің жағдайы ауыр. Зардап шеккендердің екеуі тікұшақпен, қалған төртеуі жерүсті көлігімен тасымалданған. Ресми ақпаратқа сәйкес, ұшақта парашютпен секіретін әуесқой спортшылар болған.
АҚШ-тың Азаматтық авиация федералды басқармасы апаттың себебін анықтап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін, мамыр айында, Калифорниядағы Сан-Диего маңында жеке ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тауып, сегіз адам жараланған болатын.