
Фото: qaz.ulysmedia.kz
Ақпарат мемлекеттік базалардан заңсыз алынып, Telegram арқылы таратылған, кейбірі коллекторлық компанияларға берілген. 140-тан астам адам, оның ішінде компания иелері мен арна әкімшілері ұсталған. Қазіргі таңда бес күдікті қамауға алынған. Тінту барысында 400-ден астам компьютерлік және басқа да электрондық техника тәркіленген.
«Қылмыстық кодекстің 205-бабы 3-бөлігі (ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу), 147-бабы 5-бөлігі (жеке өмірге қол сұғу және жеке деректер туралы заңнаманы бұзу), сондай-ақ 211-бабы 3-бөлігі (шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз тарату) бойынша қылмыстық істер қозғалды. Осы заңсыз әрекетке қатысы бар адамдардың толық шеңбері анықталып жатыр», деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы.