Оқиға • Бүгін, 11:10

«Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауы жарияланды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана Тазалық» ЖШС БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында байқау жариялады. Жалпы жүлде қоры 4 миллион теңгені құрайды. «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен Астана күніне орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауы жарияланды

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Байқаудың басты мақсаты – қоқыс жинау мен шығаруға, көшелер мен қоғамдық орындарды тазалауға бағытталған жұмыстарды насихаттау, «Астана Тазалық» кәсіпорнының қызметін кеңінен таныту және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында тазалықты қамтамасыз ететін сала мамандарына назар аудару.

Байқауға қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері мен блогерлері қатыса алады. Шығармашылық сайыс келесі төрт номинация бойынша өтеді:

1) «Үздік телевизиялық материал»;
2) «Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым»;
3) «Баспа басылымындағы үздік мақала»;
4) «Интернет-басылымдағы үздік жарияланым».

Байқауға 2025 жылғы 15 мамыр мен 30 маусым аралығында мемлекеттік немесе орыс тілінде шыққан жұмыстар қабылданады. Байқауға ұсынылатын жұмыстар саны шектелмеген.

Жұмыстарды тәуелсіз комиссия бағалайды. Комиссия құрамына коммуналдық сала мамандары мен тәжірибелі журналистер кіреді. Қазылар алқасы төмендегі критерийлерге сүйене отырып бағалайды:

1) берілген тақырыптың өзектілігі және сәйкестігі;
2) тақырыпты ашу тереңдігі және ұсынылған ақпараттың шынайылығы;
3) баяндау стилі;
4) авторлық пайымның бірегейлігі.

Байқауға қатысу үшін материалдар келесі электронды пошта арқылы қабылданады: astana_tazalyk@mail.ru.  

Байланыс нөмірі: +7 700 259 2188. Жұмыстарды қабылдау уақыты: 2025 жылғы 30 маусым, сағат 18:00-ге дейін (Астана уақытымен).

Байқау қорытындысы 2025 жылғы 3-4 шілде аралығында жарияланады.

Соңғы жаңалықтар

Қала қоқыс полигоны ма?

Экология • Бүгін, 14:31